RU
Толық нұсқаға өту

Қазақстан мен Черногория президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді

19.06.2026, 13:06 82

Әңгімелесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Яков Милатовичтің бұл сапарын тарихи деп бағалап, ерекше мән беріп отырғанын жеткізді. Негізі Черногория Президенті Қазақстанға өте салмақты іскерлік құраммен келген.

Бұл Балқан түбегі елінің экономикалық және іскерлік байланыстардың ауқымын арттыра түсуге ниетті екенін аңғартса керек. 

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Келіссөздеріміздің нәтижесі екіжақты қарым-қатынасқа тың серпін беретініне сенімім кәміл. Черногорияны халқымыз жақсы біледі. Көптеген азаматымыз жыл сайын Сіздің елде демалып, жақсы әсермен оралады. Орайлы сәтті пайдалана отырып, еліңіздің тәуелсіздік алғанына 20 жыл толуымен құттықтаймын. Осы жылдарда біз жақсы қарым-қатынас орнаттық. Өзара ынтымақтастығымыздың мазмұнын байыта түсу керек деп ойлаймын. Оған ешқандай кедергі жоқ. 

Яков Милатович, Черногория президенті:

- Құрметті, Президент! Ең алдымен, Қазақстанға шақырғаныңыз үшін алғыс айтамын. Өзіңіз атап өткендей, бұл – Черногория президентінің Қазақстанға алғашқы ресми сапары. Бүгін біз екіжақты ынтымақтастықтың көкжиегін кеңейте түсеміз деп сенемін. Бұл сапар байланыстарымыздың жоғары деңгейге көтерілгенін көрсетеді. Мен мұнда достас елдің өкілі ретінде келдім. Черногорияның іскерлік орта өкілдері де осында. Екі елдің сауда палаталары бизнес форум өткізеді, бірқатар меморандумға қол қойылады.

 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz