RU
Толық нұсқаға өту

Президент Жануарлар дүниесін қорғау және молықтыру мәселелері бойынша заңға қол қойды 

20.06.2026, 14:30 41

Мемлекет басшысы заң шығару бастамасы тәртібімен әзірленген Қазақстан Республикасының «Жануарлар дүниесі, орман және аңшылық шаруашылығы, сондай-ақ кәсіпкерлік мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына қол қойды.

Заңда көзделген түзетулер жануарлар дүниесін басқарудың заманауи ғылыми негізделген тәсілдерін енгізуге, саланы цифрландыруды дамытуға, жануарлар ресурстарын қорғау және молықтыру тетіктерін жетілдіруге, сондай-ақ табиғатты қорғау заңнамасын бұзғаны үшін жауапкершілікті күшейтуге бағытталған. Сондай-ақ Заң жануарларға қатыгездікпен қарағаны үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікті күшейтуді көздейді.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz