Жаһандық тұрақсыздықтың артуы, сауда бағыттарының құбылуы мен геосаяси текетірес күшейген тұста Қазақстан мен Еуропалық Одақ қатынасы жаңа кезеңге қадам басты.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Euronews-ке жариялаған мақаласында Астана мен Брюссель арасындағы әріптестік байланыстың дәстүрлі форматтан шығуы қажеттігін жеткізді. Бұл тұрғыда мемлекет басшысы алдағы онжылдықта тұрақтылықты нығайту, өзара байланысты кеңейту және азаматтарға жаңа мүмкіндіктерді туғызу сынды ынтымақтастықтың үш негізгі бағытын айқындады. Сондай-ақ мақалада президент Қазақстан мен Еуроодақ арасындағы кеңейтілген әріптестік және ынтымақтастық туралы келісімге биыл он жыл толғанына тоқталып, осы уақыт аралығында Одақ Қазақстанның ең ірі сауда және инвестициялық серіктесіне айналғанын атап өтті. Бұған елімізде мыңдаған еуропалық компанияның іске қосылуы, ұлттық экономиканы жаңғыртуда олардың үлкен үлес қосуы дәлел. Бұған қоса, президент Қазақстанның Еуропалық одаққа импортталатын мұнай мен мұнай өнімдерінің шамамен 13 пайызын, сондай-ақ табиғи уран жеткізілімінің 16 пайызын қамтамасыз етіп отырғанын да жеткізді.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #президент #мақалаPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz