RU
Толық нұсқаға өту

Бүгін – БАҚ қызметкерлері күні

28.06.2026, 09:24 45

Бүгін халықтың көзі, құлағы һəм тілі бола білген бұқаралық ақпарат құралдарының кәсіби мерекесі. 

Қазір елде 5 мың 303 бұқаралық ақпарат құралы тіркелген. Оның 3 мыңнан астамы мерзімді басылым болса, 253-і телеарна. Оған қоса, жүзге жуық радио, 1 мың 500-ге тарта ақпараттық агенттік пен желілік-басылымдар жұмыс істеп тұр. 

Айта кеткен жөн, бұл күн 2019 жылдан бастап Үкімет қаулысымен бекітілген. Бұған дейін сала мамандары төл мерекесін маусым айының соңғы жексенбісінде атап өтетін. Мерекеде елеулі еңбегімен көзге түскен медиа өкілдері «Құрмет» орденімен, «Ерен еңбегі үшін», «Шапағат» медальдарымен және «Ақпарат саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталды. Бұдан бөлек, Мемлекет басшысының тапсырмасымен БАҚ қызметкерлеріне пәтер беру бастамасы төртінші жыл қатарынан жүзеге асырылып келеді.

 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz