RU
Толық нұсқаға өту

Мемлекет басшысы Грузия Премьер-министрін марапаттады

29.06.2026, 23:04 48

Мемлекет басшысы Грузия Премьер-министріне І дәрежелі «Достық» орденін табыстады.

Марапаттау рәсімінде Қасым-Жомарт Тоқаев Ираклий Кобахидзені еліміздің досы, көреген көшбасшы және өз ісіне берілген мемлекет қайраткері деп атады. Бұдан бөлек, Президент тарихи тамырластық, ортақ мәдени құндылық, сан ғасырлық достық пен өзара түсіністік байланыстыратын Қазақстан мен Грузия арасындағы қарым-қатынастың қазіргі деңгейін жоғары бағалады. Мемлекет басшысы көшбасшылық танытып, екі елдің ынтымақтастығын нығайтуға зор үлес қосып келе жатқан Ираклий Кобахидзеге І дәрежелі «Достық» орденін салтанатты түрде табыстады. Өз кезегінде Грузия Премьер-министрі қызметіне жоғары баға бергені үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтты.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz