RU
Толық нұсқаға өту

Алатауға жедел дамитын қала мәртебесі берілді

02.07.2026, 09:36 53

Жаңа Конституцияда өңірлерді дамытудың заманауи тетіктері бекітілген.

Соған сәйкес қалада арнайы құқықтық режим енгізіледі. Бұл шаһарда дербес экономикалық экожүйе қалыптастыруға мүмкіндік береді. Alatau City Authority толыққанды мемлекеттік орган ретінде жұмысын бастады. Ал қаланың дамуын стратегиялық басқару Премьер-министрдің тікелей төрағалығымен Кеңеске өтеді. Арнайы құқықтық режим шеңберінде инвесторлар үшін бизнес жүргізуге қолайлы жағдай жасалады. Атап айтқанда, жеке лицензиялау тәртібі, «бір терезе» қағидаты, капиталды қорғаудың халықаралық тетігі, арнайы салық, кедендік және бюджеттік режимдер қарастырылған. Қазір 30 жылдық ұзақ мерзімді даму жоспары, бас жоспар және 2040 жылға дейінгі стратегия әзірленіп жатыр. Бұдан бөлек Кореямен бірлесіп 330 гектар аумақта K-Smart City цифрлық ауданы салынады.    

Бауыржан Омарбеков, ҚР Ұлттық экономика вице-министрі:

- Қаланы дамыту заманауи цифрлық технологиялармен ЖИ қолдану арқылы жүзеге асады. Бүгінде Алатаудың ұзақ мерзімді дамуын айқындайтын стратегиялық құжаттар кешені әзірленді. 36 жобаны іске асыру жоспарланды.  Жалпы көлемі 2 триллион теңгеге жуық 53 жобадан тұратын инвестициялық портфель қалыптастырылған. Бұл шамамен 51 мың жаңа жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz