RU
Толық нұсқаға өту

Президент Жоғары аудиторлық палата төрағасын қабылдады

07.07.2026, 15:58 31

Алғашқы жартыжылдықта сомасы 5,8 триллион теңгені құрайтын 13 ірі мемлекеттік аудит жүргізілді. 

Нәтижесінде мемлекет бюджетіне 128 миллиард теңге қайтарылды. Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қабылдауында болған Жоғары аудиторлық палата төрағасы Әлихан Смайылов мәлімдеді. Оның айтуынша, өңірлердегі жергілікті атқарушы органдар, денсаулық сақтау жүйесінің инфрақұрылымы және өзге де ірі компаниялар тексерілді. Үкімет пен аудит нысандарына 35 ұсыным мен 413 нұсқама жіберілді. Макроэкономикалық болжам қалыптастырудың жаңа ережесі қабылданып, мемлекет қаражатын жұмсауға қатысты қазыналық бақылау күшейді. Төртінші тоқсанда бюджетке түзету енгізуге тыйым салынды. Биыл тағы 20 мемлекеттік аудитті аяқтау жоспарланған. Шымкент қаласы мен Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарына, сондай-ақ фармацевтикалық өнім өндірушілерді қолдау тетіктері тексеріледі. Президент кездесу соңында мемлекеттік аудит жүйесін жетілдіру жөнінде бірқатар тапсырма жүктеді.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz