RU
Толық нұсқаға өту

Мемлекет басшысы АҚШ Президентімен телефон арқылы сөйлесті

10.07.2026, 19:01 52

Қасым-Жомарт Тоқаев Америка Құрама Штаттарының Президенті Дональд Трамппен телефон арқылы сөйлесті. Мемлекет басшысы Америка көшбасшысын АҚШ тәуелсіздігінің 250 жылдығымен құттықтады.

Әңгімелесу барысында тараптар екіжақты экономикалық ынтымақтастық және саяси ықпалдастық мәселелері жөнінде пікір алмасты. Қасым-Жомарт Тоқаев былтыр қараша айында Вашингтонға жасаған сапары барысында қол жеткізілген маңызды келісімдер жоғары қарқынмен жүзеге асып жатқанын атап өтті. Мемлекет басшысы Қазақстанның ядролық қаруды және байытылған уранды таратпауға қатысты ұстанымынан айнымайтынын растады. Сондай-ақ халықаралық бақылау режимін нығайту мақсатында МАГАТЭ-мен арадағы ынтымақтастықтың маңызына тоқталды. Қасым-Жомарт Тоқаев Дональд Трампты өзіне қолайлы уақытта Қазақстанға сапармен келуге шақырды.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz