Елде орақ науқаны басталды. Түркістан облысында кейбір шағын қожалықтар астығын жинап, қамбаға құйып үлгерді. Десе де егіннің басым бөлігі енді орылады.
Қазір өңір шаруалары бидайдың әр гектарынан 30-40 центнерден өнім алып жатыр.
Қазір Түркістан облысы аумағында жаппай егін ору нуқаны жүріп жатыр. Біз тұрғын Сауран ауданы, Жаңа Иқан ауылдық округіне қарасты мына шараушылық биыл 100 гектарға бидай, 50 гектарға арпа еккен. Көктемде жауын-шашын мен ылғалдың көп болуына байланысты егін бітік шыққан. Қазір шаруа бидайдың әр гектарынан 35-40 центнерден өнім алуда.
25 жылдан бері егін шаруашылығымен айналысатын Әбдуәлі Әкірамов биыл дән толық, егін бітік шыққанын айтады. "Көктен де, жерден де қарысты",-дейді көңілі тоқ диқан. Жердің бабын тапқан шаруа агротехникалық талаптарды сақтай отырып, бидайдың «стекловидный» сортын еккен.
Әбдуәлі Әкірамов, шаруашылық төрағасы:
- Біз осы «Стекловидті» егеміз. Мұнда мынадай қылтанақтар көп болғаны үшін құстар қонып, жей алмайды. Сол үшін біз осы сортты көп егеміз. Бұл біздің табысымызды арттырып жатыр. Мысалы, басқа сортқа қарағанда суды жақсы көтереді. Бойы 1 метр, 1 метр 20 см дейін өсе береді. Бұл бидайдың колориясы күшті бұның, мал бордақылауға жақсы.
Жалпы облыс аумағында 265 мың гектарға масақты дақылдар егілді. Оның ішінде 216 мың гектары бидай болса, 49 мың гектары арпа. Қазір барлық ауданда егін ору науқаны қызу жүріп жатыр.
Бақкелді Үмбет, Ауыл шаруашылығы басқармасы бөлімінің бас маманы:
- Бүгінгі күнгі мәліметке сәйкес, орташа түсімділігі гектарына 15 центнерді құрап отыр. Біз шамамен бидайдан 800 мың тонна, арпаны 200 мың тонна өнім алу жоспарлануда. Былтыр масақты дақылдардың орташа түсімділігі гектарына 9,5-10 центнерден болса, биыл 15 центнерден жоғары болады деп күтудеміз. Кейбір суармалы егіс алқаптарында одан да жоғары болуы мүмкін.
Биыл өңір шаруаларының көңілі тоқ. Егін бітік шығып, қамбалар дәнге толуда. Оның үстіне мемлекеттің қолдауы тағы бар. Көктемгі дала жұмыстары мен күзгі жиын-терім науқанын жүргізу үшін 98 мың тонна жанар-жағармай бөлінді.
Авторлары: Жандос Жұмабек, Ерболат Әбіш
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #орақ науқаны #қожалықPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz