Мемлекет басшысы Бельгияның Ұлттық күніне орай Король Филиппке құттықтау жеделхатын жолдады.
Қасым-Жомарт Тоқаев бұл Бельгия халқының бірлігін айшықтайтын айтулы күн екенін атап өтті. Сондай-ақ Қазақстанның Бельгия Корольдігімен достық қарым-қатынасты одан әрі нығайтуға айрықша мән беретінін жеткізді. Жақында Брюссельге жасаған сапары екіжақты ынтымақтастыққа тың серпін бергеніне назар аударған Президент Король Филипптің барлық игі бастамасына табыс, ал достас Бельгия халқына бақ-береке тіледі.
Тегтер #Басты жаңалықтар #Тоқаев #Король Филипп #жеделхатPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz