RU
Толық нұсқаға өту

Мемлекет басшысы Өзбекстан Президентімен телефон арқылы сөйлесті

24.07.2026, 13:09 43

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті.

Президент Өзбекстан басшысын туған күнімен құттықтап, бауырлас өзбек халқының игілігі жолындағы жауапты  қызметіне табыс тіледі. Сондай-ақ Шавкат Мирзиёевтің парасатты басшылығының арқасында Өзбекстан әлеуметтік-экономикалық даму мен халықаралық беделін арттыруда мол табысқа қол жеткізіп, кешенді реформалар арқылы сенімді түрде алға басып келе жатқанын атап өтті. Мемлекет басшысы Өзбекстан Президентінің екі ел арасындағы достық және тату көршілік рухындағы стратегиялық серіктестік пен одақтастық қарым-қатынасты нығайтуға қосқан үлесін жоғары бағалайтынын жеткізіп, тараптар бүгінде қазақ-өзбек ынтымақтастығын одан әрі дамыту мүмкіндіктерін талқылады. Президенттер өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасып, алдағы кездесулер кестесін қарастырды.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz