RU
Толық нұсқаға өту

Президент Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасын қабылдады

27.07.2026, 16:09 43

Елде 12 астыртын криптоайырбастау пункті жойылды.

Олар есірткі бизнесі мен алаяқтықтан түскен кірісті жылыстатуға пайдаланылған. Оған қоса 113 миллиард теңгені өз есеп-шоттары арқылы өткізген 36 дропперлік топ анықталды. Бұл туралы Президент қабылдауында болған Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы Жанат Элиманов мәлімдеді. Оның айтуынша, ұзын-ырғасы 496 қылмыстық іс бойынша тергеу аяқталып, жәбірленушілерге 20 миллиард теңгеден астам зардап өтелген. Сондай-ақ 7 қылмыстық топ құрықталып, 200 миллиард теңгеге жуық қаражатты заңсыз қолма-қол ақшаға айналдырған 44 желінің қызметіне тосқауыл қойылды. Агенттік бюджет шығыстарына мониторинг жүргізіп, 52 инфрақұрылымдық жоба бойынша 279 миллиард теңгенің негізсіз жұмсалуын тоқтатты. Бармақбасты, көзқысты әрекеттер ғылым, медицина сынды салаларда да анықталған. Мемлекет басшысы Агенттік қызметінің негізгі бағыттарына қатысты бірқатар нақты тапсырма берді.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz