RU
Толық нұсқаға өту

Президент жаңадан тағайындалған елші Әлібек Бақаевты қабылдады

28.07.2026, 15:05 38

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігіндегі жаңадан тағайындалған елшісі Әлібек Бақаевты қабылдады. 

Әңгімелесу барысында Президент қазақ-британ көпжоспарлы ынтымақтастығын одан әрі дамытуға қатысты негізгі міндеттерді айқындады. Сондай-ақ Стратегиялық серіктестік және ынтымақтастық туралы келісімді іс жүзінде тиімді жүзеге асыру, саяси диалогты жандандыру, сауда-экономикалық және инвестициялық ықпалдастықты кеңейту сынды салалардағы бірлескен жобаларды ілгерілетуге күш-жігер жұмылдыруды тапсырды.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz