RU
Толық нұсқаға өту

Президент Марокко Короліне құттықтау жеделхатын жолдады

30.07.2026, 10:03 36

Мемлекет басшысы Король VI Мұхаммед пен оның отандастарын Корольдіктің төл мерекесі - Таққа отырған күнімен құттықтады.

Жеделхатта Президент екі ел арасындағы дәстүрлі достық пен өзара қолдау рухындағы сан қырлы ынтымақтастық, бауырлас халықтардың игілігі жолында ұдайы дами беретініне сенім білдірді. Сондай-ақ Король VI Мұхаммедтің жауапты қызметіне толайым табыс, ал достас Марокко халқына бақ-береке тіледі.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz