Фиджитал-футболдан 2 бірдей қазақстандық команда “Болашақ ойындарының” ширек финалына өтті. Алдымен UEL құрамасы Orlando Pirates Fives ұжымын 5:1 есебімен тізе бүктірді. Артынша “Алюр” командасы да черногориялықтармен кездесіп, айқын басымдықпен ұтты. Қорытынды есеп 5:2. Жерлестеріміз алғашқы киберспорттық кезең мен жасыл алаңда да басымдық танытты.
Константин Мамхегов, UEL командасының мүшесі:
- Біз диджитал бөліміне қатты дайындалдық. Яғни кибержарыстың 1-таймында бірнеше гол соғып, 2-таймда көбірек доп ұстау керек болды. Жоспарымыз толықтай жүзеге асты. Егер ойынның бастамасы жақсы басталса, футболшыларымыз шынайы алаңда тамаша өнер көрсете алады.
Командалар бүгін жартылай финал жолдамаларын сарапқа салады. ЮЕЛ ұжымы мексикалықтармен кездеседі. Ойын 16:00 ге жоспарланған. Ал Алюр құрамасы сағат 18:30 да Уругвайдың NS Team командасымен жолығады. Айта кетейік, уругвайлықтар осыған дейін топтық кезеңде ЮЕЛ футболшыларын пенальти сериясында ұтқан болатын.
Тегтер #фиджитал футбол #ширек финал #ЖИ және цифрландыруPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz