Бірқатар елдермен сауда-экономикалық және инвестициялық серіктестіктің басым бағыттары айқындалды.
Олардың қатарында Түркия, Қытай, Әзербайжан, Корея, Жапония, Тәжікстан, Франция, Германия, Ұлыбритания және Түрікменстан бар. Бұл туралы Премьер-министрдің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен өткен кеңес барысында белгілі болды. Жиында вице-премьер аталған елдермен өзара тиімді ынтымақтастықты нығайту мәселесі Мемлекет басшысының назарында екенін атап өтті. Кеңесте мемлекеттік органдар мен ұлттық компаниялардың басшылары аталған елдермен экономикалық байланыстың қазіргі жай-күйі және бірлескен жобалардың іске асырылуы жайында баяндама жасады. Осы орайда күн тәртібіндегі негізгі мәселелер талқыланып, сыртқы экономикалық байланыстарды одан әрі дамытудың перспективалы бағыттары нақтыланды.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #инвестиция #экономикаPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz