Атмосфералық фронтальды бөліктердің әсерінен еліміздің жекелеген аудандарында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ жаууы және екпінді жел соғуы мүмкін.
11 тамызда солтүстікте және оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында қатты жаңбыр жаууы болжанады. Қазақстанның орталығы мен оңтүстігінде ғана жауын-шашынсыз ауа райы басым болады. Республиканың солтүстік-батысында, солтүстігінде және шығысында түнде және таңертең тұман күтіледі. Күндіз ауа температурасының негізгі фоны батыста және орталықта +27...+39°С, Қазақстанның солтүстік-батысы мен солтүстігінде +25...+35°С, шығысы мен оңтүстік-шығысында +30...+42°С, оңтүстігінде +37...+44°С болады.
Тегтер #ауа райы #жаңбыр #найзағай #бұршақ #ҚазгидрометPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz