Қасым-Жомарт Тоқаев Колумбиядағы жойқын жер сілкінісі салдарынан көптеген адамның қаза болуына байланысты Қазақстан халқының және өзінің атынан Президент Абелардо де ла Эсприэльяға және оның отандастарына көңіл айтты.
Президент қаза тапқандардың туған-туыстарының сабырға келуіне және із-түзсіз жоғалған жандардың тез арада отбасыларына оралуына тілектестігін білдірді.
Тегтер #Мемлекет басшысы #Колумбия #көңіл айтты #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz