Атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты 15 тамыз күні республиканың басым бөлігінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады.
Еліміздің солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында бұршақ жаууы мүмкін, солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде дауыл күтіледі.
Республика бойынша желдің күшеюі болжанып, күндіз батыста, оңтүстікте шаңды дауыл тұрады. Елдің батысында, солтүстігінде түнде және таңертең тұман күтіледі.
Күндіз Абай, Ұлытау және Шығыс Қазақстан облыстарының оңтүстігінде, Алматы облысының солтүстігінде, Жетісу облысының солтүстігінде, шығысында өте қатты ыстық болып, сынап бағанасы +41°С-қа дейін көтеріледі.
Күндіз Ақмола облысында +35°С, Алматы, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында және Жетісу, Ұлытау, Абай облыстарында +35…+39°С, Жамбыл облысында +38…+40°С, Түркістан облысында, Қызылорда облысының шығысы мен оңтүстігінде +40…+43°С қатты ыстық болады.
Тегтер #ауа райы болжамы #Қазақстан #ҚазгидрометPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz