RU
Толық нұсқаға өту

Президент бюджетті жоспарлау мәселелері бойынша кеңес өткізді

17.08.2026, 18:15 141

Ақордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен ұлттық экономиканы дамыту және бюджетті жоспарлау мәселелері жөнінде кеңес өтті.

Шараға Үкімет басшысы, Президент Әкімшілігінің басшысы, Ұлттық банк төрағасы, Жоғары аудиторлық палата төрағасы мен Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі, Президенттің экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі және Қаржы министрі қатысты. Жиында Президентке экономиканың қазіргі ахуалы мен алдағы үш жылға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамдары және республикалық бюджет тетіктері жөнінде баяндама жасалды. Талқылау барысында Қасым-Жомарт Тоқаев биыл экономикалық өсім көрсеткіштеріне қол жеткізу, сондай-ақ республикалық және жергілікті бюджет теңгерімділігін қамтамасыз ету қажеттігін атап өтті. Мемлекет басшысы 2027-2029 жылдарға арналған бюджеттің негізгі басымдықтарының бірі саналатын аурухана, балаларды оңалту орталығы, мәдениет, спорт ғимараттары сынды инфрақұрылымдық және әлеуметтік нысандар құрылысын жедел салу керектігін жеткізді.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz