RU
Толық нұсқаға өту

Мемлекет басшысы Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді

20.08.2026, 15:15 313

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен аса маңызды минералдар, соның ішінде сирек кездесетін металдар саласын дамыту мәселелері жөнінде Қауіпсіздік Кеңесінің отырысы өтті. 

Президент еліміздің ресурс және өндіріс әлеуеті жағынан Орталық Азияда көш бастап тұрғанын атап өтіп, мұны мемлекет мүддесіне пайдалану қажеттігін алға тартты. Сондай-ақ Мемлекет басшысы дүние жүзінде аса маңызды материалдарға қол жеткізуде мемлекеттер арасында бәсекелестіктің күшейе түскенін, тиісінше, Қазақстан қолда бар ресурстар мен өнеркәсіп әлеуетін тиімді пайдаланып, өз мүмкіндігі мен өндіріс тізбегін тиімді түрде дамыту қажеттігін жеткізді. Жиын барысында Үкімет мүшелері саланың қазіргі жай-күйі, ресурс қорын игеру перспективасы, қайта өңдеу бағытын дамыту және кедергілер хақында есеп берді. Отырыс қорытындысы бойынша Үкімет пен тиісті мемлекеттік органдарға саланы дамытуға қатысты жүйелі көзқарас қалыптастыру, реттеу тетіктерін жетілдіру, геологиялық барлау мен өңдеу ісін дамыту, техногенді минералдық түзілімдерді экономикалық айналымға қосу, зертханалар базасы мен кадрлар құрамын нығайту, сондай-ақ әкімшілік кедергілерді жою жөнінде нақты тапсырмалар жүктелді.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz