RU
Толық нұсқаға өту

Елде айти қызметтердің экспорты артты

22.08.2026, 13:34 25

Елімізде бес жылда айти қызметтер көлемі артты. Қазір ол 1млрд 142 млн АҚШ долларына дейін өсті.

Осылайша, аз уақыт ішінде IT-қызметтер экспорттың әлеуетті бағытына айналды. Ізденістің ізіне түскен мамандар 100-ден аса мемлекетке үлкен деректерді талдау платформаларын, GovTech-шешімдер, сондай-ақ қаржы секторындағы өнімдерді сатады. Басым бағыттардың қатарында Ақш , еуропа, Таяу Шығыс, және Азия нарықтары бар. Отандық айти жобалардың көбі Astana Hub алаңында жасалады. Бұл - Орталық Азиядағы ең ірі технологиялық класстер. Айти экспорттағы өсім елдің бәсекеге қабілеттілігін арттырып қана қомай, жаңа жұмыс орындарының ашылуына септеседі. Сарапшылар бірер жылда цифрлық сала экономиканың негізгі тірегіне айналатынын айтып отыр.  

Жолдас Саханов, ҚР ЖИЦДМ Цифрлық активтер және озық технологиялар комитетінің төрағасы:

- Астана хаб қатысушыларының экспорты 2025 жылдың қорытындысы бойынша 634 млн АҚШ долларын құрады. Қазіргі таңда 537 компания өз өнімдерін шетелдік нарықтарға шығарып отыр. Ал экожүйеде 32 мыңнан астам жұмыс орны бар. Келесі кезеңдегі мақсат — экспорт көлемін 5 млрд АҚШ долларына жеткізу.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz