RU
Толық нұсқаға өту

Елде Құрылтай сайлауы басталды

23.08.2026, 07:00 43

Құрылтай сайлауы басталды. Осы мезгілде, яғни сағат 07:00-ден бастап барлық сайлау учаскелері ашылды.

Алдын ала есепке қарағанда бүгін елдегі дауыс беру құқы бар 12 млн 605 мың 788 адам өз таңдауын жасауға тиіс. Ол үшін өңір-өңірде 10 мыңнан астам сайлау учаскесі құрылды. Барлығы маңызды науқанды өткізуге сақадай сай. Қазір азаматтардың алды тұрғылықты мекен жайы бойынша өз учаскелеріне келіп, азаматтық ұстанымын білдіріп жатыр. Осы ретте әр қазақстандықтың даусы маңызды екенін айта кетейік. Қариялар мен мүмкіндігі шектеулі жандар да алаңсыз дауыс бере алады. Қажетті жағдай жасалған. Шет елдегі отандастарымыз да тыс қалмайды. Әлемнің 61 елінде 79 сайлау бөлімшесі жұмыс істейді. 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz