RU
Толық нұсқаға өту
@minpromstroykz

Қазақстанда әлеуметтік нысандардың 98%-ы жылыту маусымына дайын

25.08.2026, 10:55 50

Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар нысандарды алдағы жылыту маусымына дайындау жұмыстары 98 пайызға жетті. Бұл туралы Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев мәлімдеді, деп хабарлайды «24KZ».

Ведомство басшысының айтуынша, бүгінде ел бойынша 10 913 білім беру нысанының 10 693-і (98%) қысқы маусымға толық дайын. Еліміздің 8 өңірінде бұл жұмыстар 100% аяқталғанымен, Алматы мен Ақтөбе облыстарында әзірлік қарқыны әзірге жоспардан қалып келеді.

Денсаулық сақтау саласында да дайындық деңгейі 98%-ды құрап отыр – 5 394 медициналық нысанның 5 281-і сақадай сай. Алты өңірде бұл бағыттағы шаруалар толық бітсе, Шымкент пен Алматы қалаларында көрсеткіш әлі де төменірек. Ал тұрғын үй қоры бойынша әзірлік жұмыстары 51 391 үйде аяқталып, бұл жалпы жоспардың 96%-ын құрап отыр. Түркістан облысында барлық тұрғын үй жылыту маусымына толық дайын болса, Шығыс Қазақстан облысы мен Шымкент қаласында тұрғын үйлерді дайындау қарқынын күшейту қажет.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz