RU
Толық нұсқаға өту
depositphotos.com

Мектептер жылыту маусымына 1 қыркүйекке дейін толық дайын болуы тиіс - Ерсайын Нағаспаев

25.08.2026, 11:08 42

Ерсайын Нағаспаев әкімдіктерге 1 қыркүйекке дейін барлық білім беру нысандарының жылыту маусымына толық дайындығын қамтамасыз етуді міндеттеді, деп хабарлайды«24KZ». Бұл туралы Өнеркәсіп және құрылыс министрі алдағы қысқы маусымға дайындық барысы қаралған Үкімет отырысында мәлімдеді.

Министр алдағы жылыту маусымына уақтылы сапалы дайындалу мақсатында жергілікті атқарушы органдарға бірқатар маңызды міндеттер жүктеді. Атап айтқанда, 1 қыркүйекке дейін барлық білім беру ошақтарының дайындығын толық қамтамасыз ету қажет.

Сонымен қатар қыркүйек айының соңына дейін сумен жабдықтау және су бұру желілеріндегі жөндеу жұмыстарын түбегейлі аяқтау, тұтынушылардың коммуналдық қызметтер бойынша қалыптасқан дебиторлық берешегін өтеу жұмыстарын күшейту маңызды міндет болып табылады. Оған қоса, орталық, солтүстік, шығыс өңірлер мен елордада 2026 жылғы 15 қыркүйекке дейін, ал қалған өңірлерде 2026 жылғы 15 қазанға дейін жылыту маусымына өтуге әзірлікті толық аяқтау қажет.

 Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасады әрі министрліктің тұрақты бақылауында болады, – деп түйіндеді сөзін Ерсайын Нағаспаев.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz