Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада Сингапурдың Аға министрі Ли Сянь Лунды қабылдады.
Мемлекет басшысы мәртебелі мейманның алғашқы сапары тарихи мәнге ие екенін атап өтті. Қос елдің қатынасы жыл сайын қарқын алып келе жатқанына тоқталды. «Қазақстан мен Сингапур Орталық және Оңтүстік-Шығыс Азия өңірлерінде ірі сауда серіктесі болып қала береді. Қазақстанда 500-ге тарта Сингапур капиталы бар компания жұмыс істейді және олардың қатары арта түсті», - деді Президент. Жүздесуде экономика, көлік-логистика, «ақылды» қалаларды дамыту секілді мәселелер талқыланды. Сонымен қатар Мемлекет басшысы жасанды интеллект және цифрландыру бойынша ықпалдастықты жандандыруды ұсынды. Ли Сянь Лун Құрылтай сайлауының табысты өтуімен құттықтап, ауқымды саяси реформаларды қолдайтынын жеткізді. «Екіжақты қарым-қатынасымыз жаңа әрі сапалы деңгейге көтерілді. Қазақстан компанияларының Сингапур нарығына қызығушылығы артып келеді. Осыған байланысты келісімшарт-құқық базасы да ойдағыдай дамып жатыр», - деді Сингапурдың Аға министрі. Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев екі ел арасындағы жан-жақты ынтымақтас-тықтың дамуына қосқан елеулі үлесі үшін Ли Сянь Лунды I дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады.
Тегтер #Мемлекет басшысы #Сингапур #Ли Сянь ЛунPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz