RU
Толық нұсқаға өту

Бүгін – Білім күні

01.09.2026, 07:15 62

Бүгін 380 мыңнан астам бүлдіршін алғаш рет мектеп табалдырығын аттайды. Ал жалпы ел көлемінде биылғы оқу жылында 4,1 млн бала білім алады.

Елде 8 мыңнан аса мектеп бар. Бірінші сынып оқушыларының саны бойынша Түркістан облысы көш бастап тұр. Өңірде 50 мыңнан астам оқушы бірінші сыныпқа барады. Ал одан кейінгі Алматы облысында 35 мыңнан асады. Астанада – 33 мың, Алматыда 31 мың балдырған әліппені қолына алмақ. 

Оқу-ағарту министрлігінің мәліметі бойынша бұл өңірлерде бірінші сынып оқушыларының көп болуы халық санына және туу деңгейінің жоғары болуына байланысты.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz