RU
Толық нұсқаға өту

Қасым-Жомарт Тоқаев «ШЫҰ плюс» саммитіне қатысты

01.09.2026, 17:19 386

Президент жиында сөз сөйлеп, Қырғызстанның ұйымдағы төрағалығы жоғары деңгейде өтіп жатқанын айтты.

Реформалардың табысты жүзеге асуына және Құрылтай сайлауына орай жылы лебізін жолдаған мемлекеттер басшыларына да алғысын білдірді. Жиында Мемлекет басшыс ортақ стратегиялық міндетке тоқталып, Қазақстан теңгерімді, сындарлы әрі бейбіт сыртқы саясаттан ешқашан айнымайтынын растады. Президент БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриштің халықаралық құқықты қорғауға қосқан үлесін жоғары бағалап, ұйымының қызметін одан әрі жетілдіруге қатысты пікір білдірді. Бұдан бөлек, саммитте су қауіпсіздігі мәселесі қаузалды. Қасым-Жомарт Тоқаев азық-түлік, энергетика және әлеуметтік салалардағы тұрақтылық, сондай-ақ экономикалық даму тіршілік көзіне тікелей тәуелді екенін еске салып, халықаралық су ұйымын құру бастамасы қолдау табатынына сенім білдірді. 

– Халықаралық аренадағы мұндай ықпалдастықтың ең үлгілі моделі «Шанхай рухы» екенін ШЫҰ-ның көпжылдық тәжірибесі анық көрсетеді. Ұйым қызметіндегі теңдік пен консенсус қағидаттары, шын мәнінде, көпжақты ынтымақтастықты табысты дамытудың үздік өлшеміне айналды. Сондықтан ШЫҰ-ның басты қағидаттарын Халықаралық көпжақты ынтымақтастық және бейбітшілік жолындағы дипломатия күніне арналған БҰҰ Бас Ассамблеясының арнайы қарарында бекітуді ұсынамын, – деді Президент.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz