RU
Толық нұсқаға өту

Президент: Қазақстан мен Қытай арасында ықпалдастықтың жаңа белесі басталды 

02.09.2026, 12:33 38

Қазақстан мен Қытай технологиялық ықпалдастыққа ынталы. 

Тараптар нақты сектордағы дәстүрлі бағыттардан тыс цифрлық экономика саласындағы серіктестікке дейін серпін бермек. Мемлекет басшысы Синьхуа агенттігіне берген жазбаша сұхбатында осылай деді. Қазақстан биыл жасанды интеллект саласындағы ынтымақ жөніндегі дүниежүзілік ұйымның қатарына қосылды. Оның негізін 29 мемлекет қалаған. Бұл цифрлық салада халықаралық жүйе қалыптастыру жолындағы маңызды қадам екенін атап өтті. Жасанды интеллект бүкіл адамзаттың игілігіне қызмет етуі тиіс. Осы ретте заманауи технологияларға, білім мен есептеу ресурстарына әділ қол жеткізуіміз қажет, деді Қасым-Жомарт Тоқаев. 

ЦИТАТА: Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті 

Жуырда Жасанды интеллект жөніндегі дүниежүзілік конференцияға қатысу үшін Шанхайға барған сапарымда Қытайдың жетекші технологиялық компанияларының басшыларымен мазмұнды кездесулер өткіздім. Цифрлық экономика, зияткерлік өндіріс, электрондық коммерция, ғылыми зерттеулер және кадр даярлау салаларында бірлескен жобаларды жүзеге асыруға қос тарап та мүдделі. Дәл осы технологиялық ынтымақтастық қазақ-қытай қарым-қатынасының жаңа кезеңіндегі маңызды бағыттардың біріне айналуы мүмкін. 

Орта дәлізді дамыту және оның бәсекеге қабілетін арттыру – Қазақстан мен Қытайдың ортақ міндеті

Екі ел үшін көлік пен логистика да стратегиялық бағыт саналады. Суда жолы қысқа болса да құрлықта Қазақстан құр алақан емес. Тіпті Шығыс пен Батыс арасындағы алтын көпір. Сондықтан қытайлық серіктестермен осы географиялық артықшылықты ақиқатқа айналдыруды құп көреді. «Бір белдеу, бір жол» мегажобасына Транскаспий халықаралық көлік бағдары көрік қосып, көлем арттырып аталған инфрақұрылымға көлік атаулыны иіріп әкету – басты мұрат. Осы мақсатта жаңа теміржол желілері салынып, құрғақ порттар мен логистикалық терминалдар кеңейтіліп және ту, шекаралық инфрақұрылым жаңғыртылып жатыр. Бұл Азия мен Еуропа арасындағы байланыстардың мүлде жаңа жүйесін қалыптастырады. 

ЦИТАТА: Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті

Ортақ міндетіміз – осы бағыттың бәсекеге қабілеттілігін барынша арттыру. Сондықтан «ақылды кеден» жүйесін енгізуге, құжат айналымын цифрландыруға, ақпараттық жүйелерді өзара үйлестіру мен шекаралық рәсімдерді автоматтандыруға айрықша мән береміз.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz