Қасым-Жомарт Тоқаев Мәдениет және ақпарат министрін қабылдады. Мемлекет басшысы Арман Қырықбаевқа саланың басым бағыттарын айқындап, бірқатар нақты міндет қойды. Президент мәдениет пен креативті индустрияны одан әрі дамытуды, тарихи-мәдени мұраны сақтап, кеңінен насихаттау жұмыстарын күшейтуді тапсырды.
Сондай-ақ Қазақстан мәдениетін халықаралық аренада дәріптеудің маңызын атап өтті. Мемлекеттік ақпараттық саясат мәселелеріне де ерекше назар аударылды. Қасы-Жомарт Тоқаев отандық ақпарат кеңістігін жандандыруға, соның ішінде заң жобалау жұмысын заманауи цифрлық тәуекелдерді ескере отырып жетілдіруге күш салу қажет деп санайды. Бұдан бөлек, Мемлекет басшысы қоғамдық келісімді нығайту жұмыстарын дәйекті түрде жалғастыру, жастардың жасампаз әлеуетін жүзеге асыруына жағдай жасау жөнінде міндет жүктеді.
Тегтер #Қасым Жомарт Тоқаев #Мәдениет және ақпарат министрі #қабылдау #Арман ҚырықбаевPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz