Лаос президенті Қазақстанға жасаған тарихи сапарын аяқтады. Мемлекет басшысы Тхонглун Сисулитті елорда әуежайынан шығарып салды.
Кеше Қасым-Жомарт Тоқаев мәртебелі мейманды Тәуелсіздік Сарайында салтанатпен қарсы алып, кеңейтілген құрамда келелі кеңес өткізген болатын. Тараптар сауда, энергетика, цифрландыру, көлік және логистика, тау-кен өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы салаларын қаузап, төрт бірдей меморандумға қол қойды. Мемлекет басшысы келер жылы қос ел арасындағы дипломатиялық қатынасқа 30 жыл толатынын еске салып, Лаосты Оңтүстік-Шығыс Азиядағы маңызды әрі сенімді серіктесі санайтынын жеткізді.
Тегтер #Лаос #Тоқаев #әуежайPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz