RU
Толық нұсқаға өту

Дүниежүзілік көшпенділер ойындары: Қ. Тоқаев ұлттық құрамаға ризашылығын білдірді

05.09.2026, 18:36 57

Мемлекет басшысы Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының барысын жіті бақылап отыр.

Қасым-Жомарт Тоқаев Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов арқылы еліміз атынан ойынға қатысушыларға ізгі сәлемін жолдап, достық пен әділдік рухында өтіп жатқан жарыстарда жарқын жеңіс тіледі. Бұл туралы Президент кеңесшісі – Баспасөз хатшысы Айбек Смадияров өзінің ресми telegram-дағы арнасында хабарлады. Мемлекет басшысы бапкерлер мен чемпиондарға ризашылығын білдірді, сондай-ақ ұлттық құраманың ортақ табысына үлес қосқан барша азаматтың еңбегі еленетінін атап өтті. Айта кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаев Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына өзге елдер басшыларымен бірге қатысқан болатын. 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz