Қазақстан мен Қытайдың қарым-қатынасы бұрын-соңды болмаған жоғары деңгейге жетті. Мемлекет басшысы «Синьхуа» агенттігіне берген жазбаша сұхбатында осылай деді.
Қасым-Жомарт Тоқаев екі ел арасындағы ауыл шаруашылығы, энергетика, ғылым және медицина мен цифрландыру секілді бірқатар саладағы серіктестік аясы кеңейгенін атады. Әсіресе сауда-саттық саласындағы ынтымақтастықта рекордтық көрсеткіштерге қол жеткізілгенін де атап өтті.
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
- Біз Қытаймен достықты жоғары бағалаймыз. Екі ел арасындағы мұндай қарым-қатынас халықтарымыздың түпкі мүдделеріне сай келеді және бүкіл еуразиялық кеңістіктегі бейбітшілік пен тұрақтылықтың маңызды факторы қызметін атқарады. ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинге Қазақстанға деген ықыласты көзқарасы, менің елімнің ықпалды еуразиялық держава ретіндегі рөлін терең түсінетіндігі үшін шынайы алғысымды білдіремін. Тұрақты саяси диалогымыз қазақ-қытай стратегиялық серіктестігінің өзегіне айналды.
Тегтер #Мемлекет басшысы #Қазақстан #Қытай #Синьхуа агенттігі #жазбаша сұхбатPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz