RU
Толық нұсқаға өту

Транспорттық-логистикалық әлеуетті дамыту – стратегиялық басымдық

09.09.2026, 13:15 37

Қазақстан үшін транспорттық-логистикалық әлеуетті дамыту маңызды. «Синьхуа» агенттігіне берген сұхбатында Президент: «Бұл саланы стратегиялық басымдықтарымыздың бірі», - деді. Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің географиялық артықшылықтарына тоқталды.

«Республикамыз - Шығыс пен Батысты жалғап жатқан табиғи көпір. Қытайдан Еуропаға өтетін транзиттік тасымалдардың 85 пайызы біздің елге тиесілі. Былтырдың өзінде трансшекаралық теміржол тасымалының көлемі 35 миллион тоннадан асқан. Ал автомобиль транспорты бағытында 8 миллион тоннаға жуық жүк жеткізіліп, көрсеткіштер бұрынғы кезеңмен салыстырғанда 40 пайызға артты», - деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Таяуда ғана «Арал - Каспий» жаңа магистралінің құрылысы басталды. Ол Шығыстан Батысқа қарай өткізу қабілетін екі есе арттырып, Қазақстан аумағы арқылы жүк тасымалдау уақытын 5 күннен 3 күнге дейін қысқартады. Жолаушылар авиақатынасының дамуы да маңызды. Елдеріміз арасында апта сайын 21 бағыт бойынша 100-ден астам тұрақты жолаушылар рейсі орындалады. Қазақстан мен Қытайдың ең ірі қалалары мен өңірлері арасындағы бағдарлар географиясы жыл сайын кеңейіп келеді.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz