RU
Толық нұсқаға өту
фото: kazhydromet.kz

12 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

12.09.2026, 07:15 187

Қазгидромет мәліметі бойынша Қазақстанның басым бөлігінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады. 

Солтүстік, солтүстік-батыс және орталық өңірлерде қатты жаңбыр жаууы мүмкін. Солтүстік және солтүстік-батыс аймақтарда кей жерлерде бұршақ жауады. 

Түнде және таңертең батыс, солтүстік және орталық облыстардың кей жерлерінде тұман түседі. Оңтүстікте шаңды дауыл болуы мүмкін. Ел бойынша жел күшейеді.

Алматы, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарында, сондай-ақ Абай және Жетісу облыстарында +35...+37°C-қа дейінгі қатты ыстық болады.

Астанада күн бұлтты, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Екпіні 9–14 м/с-тан 15–20 м/с дейін жел соғады. Ауа температурасы түнде +14...+16°C, күндіз +20...+22°C.

Алматыда ауа райы құбылмалы, жауын-шашынсыз. Желдің екпіні 3–8 м/с-тан 15–18 м/с дейін болады. Ауа температурасы түнде +19...+21°C, күндіз +30...+32°C.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz