Мемлекет басшысы АҚШ президентінің Оңтүстік және Орталық Азия бойынша арнайы өкілі серджио горды қабылдады.
БРИКС саммиті аясында Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ президентінің Оңтүстік және Орталық Азия бойынша арнайы өкілі Серджио Гормен кездесті.
Серджио Гор ең әуелі Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қазақстан Тәуелсіздігінің 35 жылдығы қарсаңында президент Дональд Трамп жолдаған құттықтау хатты табыстады. Мемлекет басшысы жылы лебізі үшін АҚШ президентіне алғыс айтып, Америка көшбасшысын Қазақстанға сапармен келуге шақыратынын растады. Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ-америка стратегиялық серіктестігі қарқынды түрде дамып келе жатқанын атап өтіп, ықпалдастық аясын одан әрі нығайтудың маңызына тоқталды. Серджио Гор Қазақстан мен АҚШ көшбасшыларының тығыз әрі өзара сенімге құрылған қарым-қатынасының арқасында екі ел ынтымақтастығы бұрын-соңды болмаған жоғары деңгейге көтерілгенін атап өтті. Кездесу барысында бірлескен жұмыстың маңызды бағыттары, әсіресе, жасанды интеллект пен цифрлық технология секілді басым салалар қарастырылды. Қасым-Жомарт Тоқаев пен Серджио Гор өзара тиімді ынтымақтастыққа тың серпін беретін сан қырлы серіктестікті одан әрі кеңейтуге ниетті екендерін растады.
Тегтер #Мемлекет басшысы #АҚШ #Серджио Гор #Басты жаңалықтарPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz