Мемлекет басшысы Нью-Делиде өтіп жатқан «БРИКС плюс» саммитіне қатысты.
Жиын «Орнықтылықты, инновацияны, ынтымақтастық пен тұрақтылықты нығайту» тақырыбына арналған. Отырыста Қасым-Жомарт Тоқаев жаһан жұртының жартысына жуығын құрайтын және әлемдік ішкі жалпы өнімнің 40 пайызын беретін БРИКС – айтарлықтай мүмкіндікке ие екенін жеткізді. Алайда әлеуетті толық пайдалану үшін әлемдегі саяси һәм қарулы қақтығыстарды тоқтату керек. Президенттің пікірінше, маңызды теңіз жолдарының үзілуі жаһандық энергетика, азық-түлік және сауда тізбегіндегі осал тұстарды анық көрсетті. Сондай-ақ трансшекаралық инфрақұрылымға төнген қауіп-қатердің ұлғая түсуі алаңдатады. Сол үшін Мемлекет басшысы саяси диалог пен дәйекті дипломатия арқылы аймақтағы шиеленісті бәсеңдетіп, ұзақмерзімді тұрақтылық орнатуға басымдық берілуі тиіс екеніне тоқталды.
Тегтер #24KZ #Мемлекет басшысы #Қасым–Жомарт Тоқаев #Нью Дели #БРИКС XVIII саммиті #саммит #Үндістан #жаңалықтар #БРИКС плюсPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz