Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Сеулде Кореяның мемлекет және қоғам қайраткерлеріне II дәрежелі «Достық» орденін салтанатты түрде табыстады.
Мемлекет басшысы бүгінгі мән-маңызы ерекше рәсімге жиналған қауымға ілтипат білдіріп, қазақ пен корей ежелден достас халықтар екеніне назар аударды. Сонымен қатар Президент қос ел арасында терең саяси диалог орнап, сан қырлы ынтымақтастық нығайғанын атап өтті. Қасым-Жомарт Тоқаев Кореямен байланысты күшейтуде еліміздегі корей ұлтының өкілдері ерекше рөл атқаратынын айтты. Қазірде Қазақстанда жүз мыңнан астам корей ұлтының өкілі тұрады. Олардың еліміздің экономикасы мен қоғамдық-саяси дамуына қосқан үлесі орасан зор.
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
- Бүгінде мемлекеттеріміздің сан қырлы ынтымақтастығы жыл санап нығайып келеді. Осыдан бес жыл бұрын Кеңейтілген стратегиялық серіктестік туралы мәлімдеме қабылдаған едік.Сауда-экономикалық қарым-қатынас қарқынды дамып келе жатыр. Біз машина жасау, энергетика, металлургия, озық технология және басқа да салада бірқатар ірі жобаны жүзеге асырып жатырмыз. Әлемге танымал корей компаниялары елімізде табысты жұмыс істеуде. Мәдени-гуманитарлық байланысымыз да күшейді.
Тегтер #президент #Корея Республикасы #марапаттауPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz