RU
Толық нұсқаға өту

Мемлекет басшысы KIND корпорациясының президенті және бас директоры Ким Бок Хванды қабылдады

15.09.2026, 11:40 43

Қасым-Жомарт Тоқаев Кореяның шетелдік инфрақұрылым және қала құрылысы жобаларын дамыту корпорациясының қазақ-корей инвестициялық ынтымақтастығын ілгерілетуде маңызды рөл атқаратынын жеткізді. Сондай-ақ еліміз Үлкен Алматы айналма автокөлік жолын салуға үлес қосқан корпорациямен ықпалдастықты жалғастыруға мүдделі екенін мәлімдеді.

Әңгімелесу барысында KIND корпорациясының Алатау қаласын дамытуға қатысу мүмкіндігіне баса мән берілді.  Президент жобаның әлеуеті зор екенін атап өтіп, корей тарапының жаңа шаһардағы инфрақұрылымдық және инвестициялық бастамаларға белсене атсалысатынына сенім білдірді.

Бұған қоса Мемлекет басшысы корпорацияны Қазақстандағы әлеуметтік және көлік инфрақұрылымын жаңғырту жоспарын жүзеге асыру ісіне қатысуға шақырды.

Ким Бок Хван Қазақстан Еуразияның маңызды көлік-логистика торабы ретінде айрықша рөл атқаратынын, тиісінше екі елдің экономикалық ынтымақтастығын нығайтуға дайын екенін жеткізді.

Кездесуде қазақ-корей бірлескен инвестициялық қорын құру мәселесі де назарға алынды. Қор еліміздегі инфрақұрылым және энергетика жобаларына корей капиталы мен технологиясын тартатын тиімді тетік болмақ.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz