RU
Толық нұсқаға өту

Президент Корея Республикасының Премьер-министрімен кездесті

15.09.2026, 13:55 61

Қасым-Жомарт Тоқаев Хан Сон Сукты Корея Үкіметінің басшысы болып тағайындалуымен құттықтап, аса жауапты қызметіне табыс тіледі. 

Мемлекет басшысы Қазақстанда оңтайлы іскерлік және инвестициялық климат жолға қойылғанын атап өтті. Сонымен қатар Президент премьер-министрге қазақ-корей кәсіпкерлерінің дөңгелек үстеліне қатысқаны үшін алғыс айтты. Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Ли Чжэ Мёңмен жүргізетін келіссөздердің маңызына ерекше тоқталды. Бұл кездесу екіжақты қарым-қатынастар тарихындағы жаңа кезеңге жол ашады. Бұдан бөлек, Мемлекет басшысы үкіметтер арасындағы ықпалдастықтың басым бағыттарын сөз етті. Бүгінде екіжақты тауар айналымын екі есе арттыру міндеті тұр. Ол үшін көлемді ұлғайтып қана қоймай, сауданың құрылымын өзгертіп, қосылған құны жоғары тауарлар номенклатурасын кеңейте түсу қажет. Сөз соңында Мемлекет басшысы Қазақстанның Кореямен ынтымақтастықты жан-жақты нығайтуға бейіл екенін растады. Ал премьер-министр Хан Сон Сук Корея Республикасы өзара байланыстарды одан әрі тереңдетуге мүдделі екенін жеткізді.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz