RU
Толық нұсқаға өту

Мемлекет басшысы Қазақ-корей дөңгелек үстелінің ашылуында сөз сөйледі

15.09.2026, 15:15 45

Президент екі елдің іскерлік орта өкілдері бас қосқан жиынның қатысушыларына ілтипат білдірді. 

Қасым-Жомарт Тоқаев соңғы отыз жылда Астана мен Сеул арасында берік қарым-қатынас орнағанын атап өтті. Оның айтуынша, аталған серіктестіктің іргесін белсенді саяси диалог пен сан қырлы ынтымақтастықты одан әрі тереңдету жолындағы ортақ ұстаным бекемдей түсті. Бүгінде Корея Қазақстанның ірі сауда және инвестициялық серіктестерінің қатарына кіреді. Өткен жылы екіжақты тауар айналымы 3 млрд доллардан асты. Президенттің пікірінше, үкіметтер мен компаниялар күш-жігер біріктірсе, бұл көрсеткішті еселей түсуге болады.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

 Корея Қазақстанға 12 млрд доллардан астам инвестиция құйды. Елімізде Samsung, Kia, Hyundai, Lotte, Doosan Enerbility, Shinhan Bank секілді корей капиталының үлесі бар мыңнан аса компания жұмыс істейді. Біз қарым-қатынасымызды мүлдем жаңа деңгейге көтеріп, достық әрі серіктестік байланыстарды барынша нығайтуға ниеттіміз. Бүгінгі сапар осыған дейінгі жетістіктерімізді түйіндеп, өзара ықпалдастыққа тың серпін беруге орайлы мүмкіндік беріп отыр. 

 

 

 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz