RU
Толық нұсқаға өту

Қ. Тоқаев бірінші «Орталық Азия – Корея Республикасы» саммитіне қатысты

16.09.2026, 14:20 66

Орталық Азия мен Кореяның өзара ынтымақтастық әлеуеті артты. Былтыр Орталық Азия мен Кореяның өзара сауда-саттық көлемі 10 млрд доллардан асты. Өңірдегі тауар айналымының жартысына жуығы Қазақстанға тиесілі.

Өзара ықпалдастықтың ендігі басты бағыты – сауда-экономикалық және инвестиция саласындағы ықпалдастық. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев  «Орталық Азия – Корея Республикасы» саммитін ұйымдастырғаны үшін Корея елінің Президенті Ли Чжэ Мёңге ризашылығын білдіре отырып, көпжақты ынтымақтастықты дамыту мәселесіне назар аударды. Корея Қазақстанға 12 млрд доллардан астам инвестиция құйған. Мемлекет басшысы еліміздің алдағы уақытта да кореялық компанияларға қажетті жағдай жасауға дайын екенін мәлімдеді. Бұл ретте көлік-логистика әлеуетін нығайту қажет-ақ. Энергетикалық қауіпсіздіктің маңызына тоқталған Қасым-Жомарт Тоқаев Кореяның сутегі энергетикасын дамыту тәжірибесі бізге де пайдалы боларын аңғарты. Сондай-ақ мемлекет басшысы Цифрландыру және жасанды интеллект саласындағы ынтымақтастық мәселесін де назардан тыс қалдырмады.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz