Мемлекет басшысы Халықаралық үстел теннисі федерациясының президенті Петра Сёрлингті қабылдады.
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Халықаралық федерациямен ынтымақтастықты ілгерілетуге айрықша мән беретінін жеткізді. Елде қазір 260 мыңнан астам адам үстел теннисімен айналысады. Мемлекет жарыстар өткізу үшін арнайы инфрақұрылымды дамытуды қолға алды. 2027 жылы Астанада үстел теннисінен әлем чемпионаты өтеді. Мемлекет басшысы осы чемпионатты ұйымдастыруға жәрдемдесіп, Қазақстанда үстел теннисін дамытуға қосқан үлесі үшін Петра Cёрлингті II дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады.
Тегтер #Мемлекет басшысы #Халықаралық үстел теннисі #Петра Сёрлинг #Басты жаңалықтарPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz