«Қазгидромет» РМК болжамына сәйкес алдағы үш тәулікте Қазақстан аумағында ауа райы біртіндеп тұрақтана бастайды, деп хабарлайды «24KZ».
Республиканың солтүстік-батысында, кейін солтүстігінде жауын-шашын біртіндеп тоқтап, ауа температурасы көтеріледі. Ал еліміздің батысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.
Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік-шығысының кей жерлерінде найзағай ойнап, қысқа мерзімді жаңбыр жауады, жел күшейеді. Таулы аймақтарда кей уақыттарда қатты жаңбыр күтіледі. Сонымен қатар оңтүстік өңірлерде жылы ауа райы сақталады.
Күндіз ауа температурасы еліміздің солтүстігінде +17…+25°С, орталық және батыс өңірлерінде +20…+28°С-қа дейін, оңтүстік және оңтүстік-шығыста +27…+32°С-қа дейін көтеріледі.
Тегтер #24KZ #ауа райы болжамы #ауа райы #синоптиктер #жылы ауа райы #ауа температурасыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz