RU
Толық нұсқаға өту

Қасым-Жомарт Тоқаев «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясына қатысты

19.09.2026, 13:25 58

Мемлекет басшысы «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында жастармен және экобелсенділермен бірге Президент саябағының аумағында ағаш екті, деп хабарлайды «24KZ» Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Президент Астана әкімі Жеңіс Қасымбекке ғимараттардың қабырғасына граффити салатын тұлғаларға қатысты қатаң шара қолдануды тапсырды.

Мемлекет басшысының айтуынша, еліміздің қалаларында бұған жол бермеу керек, сондай-ақ әлемде вандализм мен бұзақылықтың сорақы көрінісі саналатын, қоғамдық орындарды бүлдіретін «шығармашылықтың» мұндай түріне толық тыйым салатын заңдық-нормативтік шаралар қабылдаған жөн. 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz