RU
Толық нұсқаға өту

А. Луценко қоржынға екінші алтынды салды

20.09.2026, 12:26 66

Қазақстандық велошабандоз Алексей Луценко Азия ойындарының алғашқы жарыс күнінде ел қоржынына екінші алтын медальды салды.

Ұлттық құрама өкілі тасжол велоспортынан жекелей уақытқа жарыста алдына жан салмады. Бұл – Алексей Луценконың мансабындағы төртінші Азия ойындары және құрлықтың басты додасында жеңіп алған бесінші алтын жүлдесі. Бұған дейін велошабандоз Инчхон, Джакарта және Ханчжоудағы Азия ойындарында чемпион атанды. 2018 жылы Джакартада топтық жарыста алтын медаль иеленіп, Ханчжоуда да күміс жүлде жеңіп алған еді.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz