RU
Толық нұсқаға өту

Елімізде лицензиясы жоқ криптовалюта платформалары бұғатталды

21.09.2026, 07:19 236

Елде ұлттық стратегиялық крипторезерв көлемі 700 млн долларға жетті.

Бүгінге дейін 34 бизнес-жоба сынақтан сәтті өтті.

Осы орайда Үкімет басшысы тиісті базалық негіз қалыптасқаннан кейін тұтас экожүйе құру кезеңі басталатынын айтты.

Елде экономиканы қаржыландырудың жаңа құралы пайда болды. Үкімет инфрақұрылым, жылжымайтын мүлік және басқа да активтерге қосымша инвестиция тартпақшы. Яғни ірі жобалар цифрлық токендерге айналдыру көзделеді. Ең бастысы, бұған қазақстандық инвесторлар да үлес қоса алады. 

Талғат Аманбаев, АХҚО инновациялар жөніндегі Бас директоры: 

- Токенизация арқылы біз өзіміз ішкі инвесторлармен де активация істеуіміз мүмкін. Себебі өзімізде кішкене ақшамыз бар шығар. Мүмкін 100 млн доллар емес, бірақ мың доллар, 500 мың доллар, 20 мың доллар, 5 мың доллар әркім өз жағдайына қарай экономикаға үлес қоса алады. Бірақ ол үшін бізде құрал жоқ. Мысалы, ауыл шаруашылығы немесе креативке салғым келсе, бір жерде жол құрылып жатыр, сол жолға салғым келсе, менің 500 доллар жинағаным қызық емес шығар. Бірақ токенизация арқылы кішкене токенін алсам, қосылып, қосылып, жалпы үлкен көлем жиналады.

Ұлттық банк төрағасы цифрлық активтердің жаһандық индустрияға айналғанын айтады. Енді ел ішінде де толыққанды әрі реттелетін цифрлық активтер нарығын қалыптастыру қажет. Ол үшін бізде тисті база бар. Мәселен, былтыр АХҚО провайдерлері 10,6 млрд доллардың операцияларын жүргізген. Клиенттер саны 215 мыңға жетті. 34 жоба жүзеге асып жатыр. Ол 14 бағытты қамтиды. Сондай-ақ цифрлық активтерді реттеудің кешенді жалпыұлттық моделі қалыптасқан. Енді токендерді нақты экономикамен байланыстыру қажет. 

ЦИТАТА: 

Тимур Сүлейменов, ҚР Ұлттық банкінің төрағасы

Қазір бізде бірнеше жоба қатар жүзеге асырылып жатыр. Ұлттық банктің реттеушілік сынақ алаңында коммерциялық жылжымайтын мүлікті токендеу бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Сонымен қатар цифрлық теңге инфрақұрылымын пайдалана отырып, мемлекеттік бағалы қағаздарды токендеу жобасы жүзеге асырылып жатыр. Alatau City - де Tokenization by Default тәсілі аясында алғашқы жобалар дайындалуда. Олардың қатарында құны 50 млн долларға дейінгі Iconic Tower және 10 млн долларға дейінгі Birlik логистикалық орталығын токендеу жобалары бар.

Бұдан бөлек елде халықаралық клиенттерге қызмет көрсете алатын Binance өңірлік қаржы-есеп айырысу хабы құрылады. Қазір тиісті келісімдер пысықталып жатыр. Үкімет цифрлық активтер саласын дамыту жөніндегі іс-қимыл жоспарын мақұлдады. Бұл құжат 10 бағыт бойынша 65 іс-шараны қамтиды. Жалпы нарықтың ашықтығын қамтамасыз ету үшін Ұлттық криптовалюта аналитикасы орталығы құрылады. Қазір криптонарықтан қарапайым азаматтар да пайда тапқысы келеді. Бірақ алданып қалу тәуекелі әлі де бар. Әзірге лицензиясы жоқ провайдерлер бұғатталып жатыр. Шетелдік платформалардың кейбірі АХҚО сотына жолданды. 

Еркеғали Еденбаев, АХҚО Қаржылық қызметтерді реттеу комитеті кеңсесінің басқарушы директоры:

- Егер сізге цифрлық активтер бойынша қаржылық қызметтер ұсынылса, міндетті түрде жария реестрден тексеріп алыңыз. Ол ұдайы жаңарып отырады. AFSA.KZ сайтында жарияланады. Бұл үшін АХҚО ресми сайтына кіру керек. Сол жерден цифрлық активтер қызметінің провайдерін тексеріп алған жөн. 

Қазір ұлттық стратегиялық крипторезерв көлемі 700 млн долларға жетті. Премьер-министрдің айтуынша, елде цифрлық активтерге қатысты толыққанды экожүйе қалыптасып жатыр. Инвестициялар мен жаңа технологияларды тартып, отандық қаржы секторының бәсекеге қабілеттілігін арттыру маңызды міндет. Астана халықаралық қаржы орталығының өкілдері қазір AIX пен KASE-ден бөлек жаңа биржалар құрылып жатқанын айтады. Әрқайсысының шарт-талабы әртүрлі. Оның үстіне әлемде инвестиция үшін күрес жүріп жатыр. Демек, мәмілелердің қауіпсіздігі мен инвесторлардың құқығын қорғау басты назарда болу керек. Бұл тұрғыдан Қазақстан сенім қалыптастырған елдердің бірі дейді мамандар. 

Мерей Мұратханқызы

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz