RU
Толық нұсқаға өту

Мемлекет басшысы Армения елінің басшыларын Тәуелсіздік күнімен құттықтады

21.09.2026, 14:47 48

Мемлекет басшысы Армения елінің басшыларын Тәуелсіздік күнімен құттықтады. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Армения тәуелсіздігінің 35 жылдығына орай Президент Ваагн Хачатурян мен премьер-министр Никол Пашинянға құттықтау жеделхатын жолдады.  

Мемлекет басшысы армян халқының ұлттық бірлігі мен жасампаз рухын, сондай-ақ елдің халықаралық аренадағы абырой-беделін паш ететін бұл айтулы күннің тарихи маңызы зор екенін атап өтті. Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекетаралық ықпалдастық пен стратегиялық серіктестік одан әрі нығая түсетініне сенім білдірді. Қазақ-армян ынтымақтастығы ойдағыдай өрбіп, бірлескен күш-жігердің арқасында мән-мазмұны толығып келеді. Бұл елдеріміз арасындағы достық пен стратегиялық серіктестік рухына сай. «Қазақстанның Армениямен сан қырлы байланысты күшейтуге ниетті екенін растаймын», – деп жазылған жеделхатта. Президент Армения елі басшыларына мемлекеттік қызметте толайым табыс, ал достас армян халқына бақ-береке тіледі.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz