Қазақстан аумағында атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты найзағаймен бірге жаңбыр жауады деп болжанады, деп хабарлайды «24KZ» «Қазгидромет» РМК сілтеме жасап.
Бұл ретте ауа температурасы жылдың осы кезеңіне тән жайлы деңгейде болады. Республика бойынша желдің күшеюі күтіледі. Түнгі және таңғы сағаттарда кей жерлерде тұман болжанады.
Күндіз ауа температурасы еліміздің батысында +25…+32°С, солтүстік-батысында +20…+31°С, солтүстігінде және орталық өңірлерінде +18…+27°С, шығысында +13…+23°С, оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында +25…+32°С-қа дейін көтеріледі.
Тегтер #24KZ #ауа райы #ауа райы болжамы #синоптиктерPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz