RU
Толық нұсқаға өту

Қазақстан Халық Кеңесінің құрамы бекітілді

22.09.2026, 13:15 91

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тиісті Жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. Қазақстан Халық Кеңесіне еліміздің 126 азаматы кірді.

Жаңа мекеменің мүшелері арасында мәслихат депутаттары, Қоғамдық кеңестердің өкілдері, этномәдени бірлестіктердің жетекшілері, қоғам қайраткерлері, ғалымдар, журналистер, кәсіпкерлер, спорт және мәдениет саласының өкілдері бар. Айта кетейік, Қазақстан Халық Кеңесі Конституцияға сәйкес Қазақстан халқының мүддесін білдіретін жоғары консультативтік орган. Оның негізгі міндеттері мемлекеттің ішкі саясатының негізгі бағыттарына қатысты, қоғамдық келісім, жалпыұлттық бірлік пен ынтымақты нығайту жөнінде ұсыныстар әзірлеу. Кеңеске заңнамалық бастама көтеру құқығы да берілген.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz